Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков азаматтардың жеке мәліметтерінің шетелдік telegram-боттарда таралып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, телефон нөмірі арқылы жеке мағлұматтарға қол жеткізуге жол берілген.
Мәжілістің жалпы отырысында ақпараттық қауіпсіздікке қатысты заң жобасын талқылау кезінде депутат Никита Шаталов жеке мәліметтердің шетелдік telegram-ботқа шығып кеткенін алға тартты.
Телефон нөмірі арқылы жеке мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік болған. Мекенжай мен ЖСН, қазақстандықтардың аты-жөніне оңайлықпен қол жеткізуге болатыны белгілі болды. Қолданушылардың көбі бұл ақпарат мемлекеттік ресурстардан тарағанын айтуда. Бұл қалай болды және тағы қайталануы мүмкін бе? - деп сұрады депутат цифрлық даму министрлігінен.
Вице-министр Мәлік Олжабеков бұл ақпаратты растады.
Кейбір telegram-ботқа жеке мәліметтердің тарап кетуі болды. Олар әртүрлі дереккөздерден, оның ішінде әлеуметтік желілерден ақпарат жинайды. Сондықтан біз дереккөздердің бірі Қазақстанда тыйым салынған сервис арқылы алынды деп отырмыз. Ондағы мекенжайлар бұрын тараған, ескіріп кеткен ақпарат. Сондай-ақ әртүрлі тауар мен тағамға тапсырыс беру мағлұматтарынан да алынуы мүмкін. Біз сервисті бұғаттауға өтінім бердік. Тараған ақпаратты сарапшылармен зерттеп жатырмыз. Олардың ақпаратты алған дереккөзі мен оларды таратқан адамдарға қатысты шешім қабылдау үшін жұмыс жүргізілуде, - деп жауап берді ведомство басшысының орынбасары.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?