Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБір жыл ішінде қазақстандықтардың табысы артты. Оның ішінде табыстың 76% еңбекке жарамды жандарға тиесілі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
Өткен жылдың үшінші тоқсанында халық табысы 245,5 мың теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,5%-ға артық.
Өңірлер бойынша жоғары табыс елорда халқына тиесілі. Астаналықтар жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңге жалақы алады.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға артық.
Екінші орында Қарағанды облысы - 332,3 мың теңге, демек 21,4% өсім бар.
Көшбасшылардың үштігін ШҚО түйіндеп тұр. Аталған өңірде жалақы 312,7 мың теңге, жылдық өсім - 31,8%.
Ең аз табыс Түркістан облысында байқалып отыр. Жан басына шаққанда небәрі 156,4 мың теңге.
Бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,6%-ға жоғары, алайда еліміз бойынша орташа көрсеткіштің үштен бірінен аз.
Қазақстандықтар табыстың көп бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен алды - 180,4 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық.
Оның ішінде 157,2 мың теңге - жалдамалы жұмыстан түскен табыс.
Сонымен қатар дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс - 23,2 мың теңге.
Әлеуметтік трансферттер бір жылда небәрі 3,3%-ға, 55,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.
Оның ішінде 44,8 мың теңге зейнетақы, 9,1 мың теңге жәрдемақы, 1 мың теңге стипендия, 239 теңге АӘК (атаулы әлеметтік көмек) және тұрғын үй көмегін құрады.
Одан бөлек, елімізде туыстары мен таныстарынан материалдық көмек және алимент 6,2%-ға, яғни 5,5 мың теңгеге дейін өсті.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек