Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2022 жылы халықтың өмір сүру жаcы ұзарды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Тапсырмаларды іске асырудың арқасында халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды. Былтыр 11 айда халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға (29,7%) төмендеді: қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім – 34% (33,7%), обыр – 8% (8,3%), тыныс алу ауруларынан болатын өлім-жітім – 1,7 есе, туберкулезден болатын өлім-жітім – 12,5%", - деді Ажар Ғиният министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, былтыр ана өлімі 3 есе (2021 жылы – 185 дерек, 2022 жылы – 57 дерек), ал нәресте өлімі 3% төмендеген.
"Өткен жылы халықтың өмір сүру ұзақтығының артқаны сөзсіз. Жылдық ресми статистика қорытындысы бойынша өңірлердің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері мен кемшіліктері министрліктің келесі алқа отырысында қаралады", - деді министр.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар