30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандықтардың банкке берешегі 24 трлн теңгеден асқан, ал қарызы бір жылда 22,9 пайызға артқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1 қаңтардағы мәлімет бойынша жеке тұлғалардың банкке берешегі 24 триллион теңгеден асқан. Жұрттың қарызы тек бір жыл ішінде 22,9 пайызға артқан.
Соның ішінде кепілсіз несие және ипотека деп бөліп қарасақ, оқуға, үй жөндеуге ақшалай немесе тұрмыстық техниканы бөліп төлеуге кепілсіз ақша алғандардың саны 8 миллионнан асып кеткен. Ал оның өсімі 23 пайызға жетіп, 12 триллион теңгеге жақындаған. Баспаналы боламын деген жұрттың қарызы бір жылда 14 пайызға өсіп, 6,7 триллион теңге болған. Яғни оның жартысынан көбі 2023-2024 жылдары алынған.
Мәліметке сүйенсек, автонесие де көш басында. Елімізде 559 мыңнан аса адам несиеге көлік алған. Жалпы берешектің 45 пайыз үлесі соларға тиесілі. Ақшаға шаққанда 3,6 триллион теңге. Бұл мәліметтерді бірінші кредиттік бюро ұсынды.
Қазақстандықтардың банктерге берешегі - 24 триллион теңге. Бір жылда жалпы қарыз сомасы - 22,9%, тұтынушы несиелері - 22,9%, ипотекалық қарыз алушылар 14,1%-ға өскен, ал автонесие бойынша берешек - 44,8%.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды