28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктегі жинақтарының орташа көлемі 204 мың теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) мәліметінше, өткен жылы халықтың банктердегі жинағы 20,3%-ға өсіп, жалпы сомасы 24,5 трлн теңгеге жетті. Сонымен қатар, банктердің жалпы активтері 20%-ға ұлғайып, 62 трлн теңгені құрады.
ҚДКБҚ мәліметінше, қазақстандықтардың басым бөлігі жинақтарын ұлттық валютада сақтайды. Теңгелік депозиттер 23,8%-ға артқан, ал жалпы депозиттік нарықтағы өсімнің 17,4%-ын теңгелік салымдар, 2,9%-ын валюталық салымдар қамтамасыз етті.
2024 жылдан бастап депозиттік мөлшерлемелерді реттеудің жаңа жүйесі енгізілді. Бұрын ҚДКБҚ барлық банктер үшін ең жоғары пайыздық мөлшерлемені белгілейтін болса, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл шектеулердің басым бөлігі алынып тасталды. Бұл өзгеріс банктерге өз мөлшерлемелерін икемді реттеуге мүмкіндік беріп, салымшылар үшін бәсекеге қабілетті жаңа ұсыныстардың пайда болуына ықпал етті.
Депозиттік нарықтың негізгі бөлігін қарапайым салымшылар құрайды. Жеке тұлғаларға тиесілі барлық депозиттік шоттардың 99,6%-ы жеке салымшыларға тиесілі.
Қордың хабарлауынша, бұл салымдардың басым бөлігі күнделікті қажеттіліктер мен күтпеген шығындарға арналған. Сондықтан тәуекелге толы инвестиция түрлері бұл санаттағы салымшылар үшін аса тартымды емес.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?