29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандықтардың несие портфелі жыл санап артып келеді. 2025 жылдың 1 қаңтарында жеке тұлғалардың кредиттік ұйымдар алдындағы жалпы берешегі 24,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Kazinform-ның жазуынша, бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаров жалпы несиелердің 90 пайыздан астамы кепілсіз тұтынушылық, ипотека және автонесиеге тиесілі екенін атаған.
Кепілсіз тұтынушылық несие: Қарыз көлемі 2025 жылдың басында 11,7 трлн теңгеге жетті (бір жылдағы өсім +22,9 пайыз).
Ипотекалық несие: Бір жылда 14,1 пайызға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн теңге болды.
Келісімшарттар саны: 9,9 пайызға артып, 627,6 мыңға жетті.
Қарыз алушылар саны 10,3%-ға өсіп, 600 мың адамға жетті. Жыл басындағы орташа қалған қарыз 10,6 млн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға артық,– деді Руслан Омаров.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек