22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандықтардың 35 пайызы 70 мың мен 150 мың аралығында жалақы алады. Яғни әрбір жұмыс істейтін он адамның төртеуі ең төменгі жалақыға жұмыс істейді. Бұл туралы «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісте «AMANAT» фракциясының отырысы өтіп жатыр. Онда ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстырды.
Фракция жетекшісі жұмысқа қабілетті қазақстандықтардың 35 пайызы 70-150 мың жалақы алатынына тоқталды.
Бұл мәселе жөнінде Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Ұлттық экономика министрлігіне өз ұсынысын білдірді.
Ұлттық экономика министрлігінің сайтында Қазақстанда 315 мың адамға жұмыс орындары ашылды деп жазылған. Одан кейін экспортты бағдарламалар бойынша 23 мың жұмыс орнын ашу көзделіпті. Жұмыс орындарының саны бар да, жалақыларының орташа деңгейі көрсетілмеген. Өздеріңіз айтқандай, халықтың 49 пайызы 100 мың теңге алып отыр. Сондықтан ашылып жатқан жұмыс орындарындағы жалақыны ашық көрсету керек, - деді депутат.
Депутат Ұлттық статистика бюросына халықтың жалақысына байланысты дифференциация жасауды ұсынды. Мысалы, төмен жалақы 200 мыңға дейін, одан кейін орташа жалақы 200-700 мыңға дейін және 700 мыңнан жоғары жалақы алатын байлардың санын ашық көрсету керектігін айтты. Бізге шетелдің әдістемесі бойынша жұмыс істеудің керегі жоқтығын жеткізді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев