20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАрмениядан қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады.
2019 - 2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған, нәтижесінде жалпы сомасы 167 млн теңгеден астам сомаға қырыққа жуық жәбірленуші алданған.
Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған, ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынған және ол сол елде ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды.
Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?