Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанның республикалық маңыздағы күре жолдарында жыл басынан бері шамамен 20 млн теңгенің жол инфрақұрылымы элементтері ұрланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жол бойынан көбінесе жол белгілері, үй жануарларының жолға шығып кетуінен қорғайтын торлы қоршаулар, катафоттар мен стробоскоптар ұрланады. Белгісіз адамдар жарық бағыттайтын екі үлкен трансформаторды ұрлаған жағдайлар да тіркелген.
Ұрланған жол инфрақұрылымы элементтері көбінесе тұрмыстық мақсаттарда қолданылады: төртбұрышты жол белгілерінен күректер, дөңгелек пішінді жол белгілерінен табалар мен қазандарға арналған қақпақтар жасап алады. Ал үй жануарларының жолға шығып кетуінен қорғайтын торлардан үй қоршаулары жасалса, жарықдиодты катафоттар велосипедтерге бекітіледі екен, - ҚазАвтоЖол мамандары.
Ұрлау фактілері азайғанын да атап өтті.
Өткен жылдармен салыстырғанда жол инфрақұрылымы элементтерін ұрлау фактілері азайып келеді. Мәселен, салыстырмалы түрде, 2021 жылы бұл шығын 60 миллион теңгеден асқан болатын, - дейді жол мамандары.
Биыл жолшылар 8 мыңға жуық жаңа жол белгілерін, 19 мың дана катафот, 3,5 мың шаршы метр шу жолақтарын және 10 мың сигнал бағанасын орнатты. Сонымен қатар мамандар 9,7 мың қума метр тосқауыл қоршауларын жабдықтап, 23 мың шақырымнан астам жолда таңба сызығын жаңартты.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?