Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБиыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар желтоқсан айында жалпы 10 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желтоқсанда аптасына бес күндік жұмыс істейтіндер 14, 15, 16 желтоқсан күндері, яғни сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін сенбі, 14 желтоқсан жұмыс күні. Ал жексенбі, 15 желтоқсан мен дүйсенбі 16 желтоқсанда демалыс болып саналады.
Сонымен бірге 30 және 31 желтоқсан жұмыс күндері болып есептеледі. Желтоқсан айында кәсіби мерекелер де жетерлік:
5 желтоқсан – Адвокатура күні;
6 желтоқсан – Прокурор күні; желтоқсанның үшінші жексенбісі (15 желтоқсан) – Энергетиктер күні;
20 желтоқсан – Қазақстанның Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні;
22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар