Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елімізде тұтынушылық белсенділік артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төрағаның айтуынша, сәуір айында халықтың сатып алу белсенділігі қайта жандана бастаған.
Сұраныстың өсуіне тұтынушылық несиелендірудің белсенділігі мен халықтың нақты табысының бірқалыпты өсуі ықпал етіп отыр. Тұтынудың артуы төлем карталары арқылы жүргізілген операциялар көлемінің ұлғаюынан және бөлшек сауда айналымының, әсіресе азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде жанданғанынан да байқалады. Сонымен қатар тұтынушылық белсенділіктің артуын ірі сатып алуларға, атап айтқанда, автокөлікке деген қызығушылықтың қайта оралуы да растайды, - деді Тимур Сүлейменов.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі