Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда 6 шілде – мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл күн – ресми мереке және демалыс күні болып саналады. Биыл ол жексенбіге тура келеді.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, егер мереке күнi демалыс күнiмен сәйкес келсе, келесі жұмыс күні демалыс күні болып есептеледі. Яғни бұл жағдайда – дүйсенбі, 7 шілде.
Осыған сәйкес, қазақстандықтар былай демалады:
Бес күндік жұмыс аптасында қатарынан үш күн: 5, 6, 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
Алты күндік жұмыс аптасында қатарынан екі күн: 6 және 7 шілде (жексенбі, дүйсенбі).
Шілде айындағы жұмыс және демалыс күндері:
Бес күндік жұмыс аптасында – 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні;
Алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні.
Астана күні елорда мәртебесі 1998 жылы берілгеннен бастап тойланып келеді. 2006 жылы қала күні 6 шілдеге ауыстырылды.
Айта кетейік, Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі