Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМерекеге орай маусым айында қазақстандықтар қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл Құрбан айттың бірінші күні жұма — 6 маусымға сәйкес келеді. Заң бойынша бұл күн ресми демалыс саналады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан — 6 маусымнан 8 маусымға дейін демалады.
Алты күндік жұмыс аптасында 6 және 8 маусым — демалыс күндері, ал сенбі — 7 маусым жұмыс күні болып есептеледі.
Құрбан айт — мұсылмандардың ең басты мерекелерінің бірі, ол Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң атап өтіледі. Бұл күні мұсылмандар арнайы айт намазын оқып, құрбандыққа мал шалады. Сондай-ақ бұл мейрам қажылықтың — Меккеге жасалатын сапардың аяқталуымен тұспа-тұс келеді.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі