12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстанда "QosLike және "Қалаулым" сияқты телебағдарламаларға тыйым салу туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Петицияның негізгі мақсаты - хайп пен рейтингті көтеру үшін жағымсыз эмоция сыйлайтын бағдарламаларды жабу. Сондай-ақ эфир барысында түрлі келеңсіз әрекеттер мер жанжал болатыны айтылған.
Аталмыш бағдарламалар қазақ отбасындағы салауатты қарым-қатынас нормаларына, адамгершілік пен құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын жағымды идеялар жоқ, - делінген мәтінде.
Петиция авторы Серік Әбішов мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын алға тартады.
Бұл петицияны 600-ден аса адам қолдап үлгерген. Петиция кеше сағат 17:53-те жарияланған.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев «Қалаулым», «Бір болайық» секілді ток-шоуларды жабу жөнінде бастама көтергенін жазған едік.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер