Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы қаласында қол күресінен ересектер, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар, ардагерлер арасында әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, осымен 44-рет ұйымдастырылып отырған жарыстың алғашқы күндері кадеттер, жасөспірімдер, жастар арасында бақ сынаған отандастарымыз 58 алтын, 38 күміс, 20 қола медальді қанжығаға байлады.
Атап айтсақ, кадеттер арасында еліміз 16 алтын, 14 күміс, 7 қола жүлдені жеңді. Ал жасөспірімдер арасында 26 алтын, 9 күміс, 8 қола, сондай-ақ жастар арасында 16 алтын, 15 күміс, 5 қола медаль иеленді.
Турнирге 52 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысуда. Ел намысын 256 атлет қорғап жатыр. Байрақты бәсеке 3 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қол күресінен жастар арасында сынға түсіп, 60 келіде сол қолдан әлем чемпионы атанған қазақстандық Бекжан Қожантай:
Бүгінгі бәсеке ойдағыдай өтті. Бұл мен үшін жауапты жарыс болды және онда кәсібилігім мен төзімділігімді дәлелдеуім керек болды. Намысқа тырыстым. Барлық спортшылардың дайындығы өте мықты екен және жақсы нәтиже көрсетті. Мені дайындаған және қолдаған жаттықтырушыларым мен мұғалімдеріме алғысым шексіз, - деп жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары