22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖазғы демалыс маусымы жақындаған сайын қазақстандықтардың шетелге шығуға деген қызығушылығы артып келеді. Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, 2025 жылы ел тұрғындары қай бағыттарды таңдағаны және шетелдегі демалысқа қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды. Бұрынғы танымал курорттардың орнын жаңа бағыттар басып, туристердің талғамы өзгергені байқалады.
2025 жылы шетелге қанша қазақстандық шықты
2025 жылы Қазақстаннан шетелге шыққандар саны 11,8 миллион адамды құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға төмен. Айта кету керек, бұл санға жұмысқа орналасу немесе тұрақты тұру үшін көшіп кеткендер кірмейді.
Шетелге шығудың негізгі себебі – жеке мақсаттар. Мұндай сапарлар саны 10,2 миллионға жеткен. Ал нақты туристік мақсатта шетелге барғандар саны 417,1 мың адам болды.
Сонымен қатар:
Ең көп баратын елдер
Барлық сапар түрін (жеке, іскерлік және туристік) бірге есептегенде, қазақстандықтар ең жиі баратын елдер – көрші мемлекеттер:
Бұл бағыттар географиялық жақындығы мен қолжетімділігіне байланысты сұраныстан түспей отыр.
Туристік бағыттар өзгерді
Ал таза демалыс үшін таңдалатын елдер тізімі өзгеше. 2025 жылы қазақстандық туристер арасында ең танымал бағыттар:
Бір жыл бұрын көш басында Түркия тұрған еді. Биыл Қытайдың бірінші орынға шығуына сарапшылар визасыз режим мен туристік алмасу бағдарламаларының әсерін атап өтеді. Нәтижесінде Қытайға баратын туристер саны 8,7 пайызға өсіп, 137,3 мың адамға жеткен.
Сондай-ақ сұранысқа ие басқа бағыттар:
Бұл елдер жылы климаты, теңіз курорттары мен салыстырмалы түрде қолжетімді бағаларымен қызықтырады.
Шетелдегі демалыс қанша тұрады
2025 жылы қазақстандықтардың шетелге жұмсаған шығыны айтарлықтай өскен. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы шығын көлемі 475 миллиард теңгеге жетіп, бір жылда 26,7 пайызға артқан.
Негізгі шығын бағыттары:
Бұл көрсеткіштер қазақстандықтардың шетелде демалуға дайын екенін, бірақ шығын көлемі де соған сай өсіп жатқанын көрсетеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев