6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылдың IV тоқсанында Қазақстанда жемістерді тұтыну көлемі айтарлықтай артып, жан басына шаққанда орта есеппен 18 кг (тоқсанына) құрады. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% жоғары (17,2 кг), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қалалық жерлерде жемістерді тұтынудың орташа көрсеткіші 19,5 кг болса, ал ауылдық жерлерде 15,5 кг құрады.
Өңірлік бөліністе жемістердің ең көп мөлшерін Алматы тұрғындары тұтынған – жан басына шаққанда 23,6 кг.Үздік үштікке Астана (23,3 кг) және Солтүстік Қазақстан облысы (20,8 кг) енді. Жемістерді ең аз тұтынған аймақтар Абай облысы (13 кг) және Шымкент қаласы (12,3 кг) болды, - делінген мәліметте.
Жемістердің ішінде 2024 жылдың IV тоқсанында алма көп тұтынылды - жан басына шаққанда/тоқсанына 4,6 кг. Екінші және үшінші орындарда банан (1,6 кг) және мандарин (1,5 кг) жемістері орналасқан. Сондай-ақ жүзім (1,3 кг) және хурма (0,8 кг) жемістерін де айтарлықтай тұтынылған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі