6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖезқазған қаласының екі тұрғыны «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, күдікті тұлғалар «MetaGo» қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда (YouTube бейнехостинг сайты, Whatsapp және Telegram мессенджерлері, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген.
Олар 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 217-1-бабы - адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы – бойынша тергеу жүргізілуде, - делінген мәліметте.
ҚМА сіз және сіздің туыстарыңыз «MetaGo» компаниясының қызметінен зардап шексе, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуды сұрайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі