6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақстандық қажыларды тасымалдау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқау талаптары:
- Авиакомпанияның «Қажылық-2025» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
- Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
- Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
- Авиакомпания Қазақстан Республикасының қажыларын 22.05.2025ж. мен 02.06.2025ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 14.06.2025ж. мен 20.06.2025ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну;
ҚМДБ мәліметінше, аталған құжаттар 9 қазаннан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 21 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі