Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған 6 мың борышкерді жауапқа тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, қадағалаушы мекеме жұмысының арқасында 140 мың балаға 23 миллиард теңге көлеміндегі алимент берешегін өтеуге мүмкіндік туды. Тұрақты төлемейтіндердің қалған қарызы – 22 млрд теңге.
Прокуратура органдары борышкерлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көздерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: такси қызметіндегі мобильдік қосымшалар арқылы жұмыс істеу (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және тағы басқасы, - делінген Бас прокуратура мәліметінде.
Аталып өткендей, алимент төлемеудің негізгі себебі – борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы. Сол себепті прокуратура органдары сот орындаушылары, полиция, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдармен бірлесе отырып жұмыс атқарады.
Нәтижесінде 200-ге жуық вакансия ұсынылған жәрмеңке ұйымдастырылған. Жұмыспен қамту органдарында 20 мың жұмыссыз борышкер есепке алынды, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналасты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары