Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Бұл қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоба ережелері бойынша игі істі әлеуметтік желілерде жариялап, www.qazvolunteer.kz. сайтында тіркеуден өту қажет. Бүгінгі таңда 826 игі істі тіркелді.
Астанада волотерлер 2 тоннадан астам қоқыс пен пластик жинады. Қостанай облысында «Жақсылық жаса» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға қажетті заттар жеткізілді. Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін «Мектепке жол» акциясы басталды.
Жалпы жобаға 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.
Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Одан кейін қатысушыларды 10 номинация бойынша, оның ішінде «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең жақсы ауыл» сияқты арнайы номинациялар бойынша, сондай-ақ марафонды жариялауға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Жоба туралы толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz. сайтынан алуға болады
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары