Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылдың 19 қыркүйегінде Нью-Йоркте, жаңа iPhone сатылымының басталуына орай, Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ерекше акция өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Алма» деп аталған бұл шара алма бейнесіне құрылған символика арқылы үш нүктені тоғыстырды: Apple корпорациясының атауы, Алматы қаласының басты нышаны және Нью-Йорктің «Big Apple» деген бейресми атауы.
Акция барысында консулдық өкілдері мен қазақ диаспорасының студент-еріктілері қала тұрғындары мен қонақтарына QR-код жапсырылған алмалар таратты. Смартфон арқылы кодты сканерлегендер Қазақстан, Алматы, елдің туристік әлеуеті мен алманың тарихи отаны туралы ақпарат алды.
Негізгі назар Қазақстанның «алманың отаны» ретіндегі мәртебесіне аударылды. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, Алматы маңындағы Тянь-Шань бөктерінде әлі күнге дейін өсіп тұрған жабайы алма ағашы Malus sieversii қазіргі заманғы алмалардың түп-тамыры болып саналады. Бұл ғылыми фактіні National Geographic сияқты беделді басылымдар да бірнеше мәрте растаған.
Шара америкалықтардың қызығушылығын тудырып, көпшілік Қазақстанның тарихы, мәдениеті және заманауи жетістіктері жайлы сұрақтар қойды.
«Алма» акциясы креативті қоғамдық дипломатияның жарқын үлгісіне айналып, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған қадам болды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?