Қазақстандықтар eGov сайтында аты-жөнін өзгерте алады

16 Тамыз 2023, 15:07 1044

Енді қазақстандықтар eGov.kz порталында туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу және қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өзгерістер енгізе алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қызмет жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді (қате енгізілмеген өзгерістер) көздейді. Мысалы, атын, тегін, және әкесінің атын өзгерту. 

«Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгзу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып өтінім беруге болады.

Қандай жағдайларда құжаттарға өзгерістер енгізуге болады:

Біраз қазақстандық eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Мұнда Сіз туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға енгізілген өзгерістерді қоса алып, оларды қайта шығаруға өтініш бересіз. Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Аталмыш қызмет Электрондық үкімет порталының «Азаматтарға» - «Отбасы» бөлімінен табуға болады.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге өтініш беру үшін:

Қызмет нәтижесі eGov.kz порталының мәртебе парағында және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде пайда болады. Дайын құжатты өтінімде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алу қажет.

Айта кетейік, бұл жаңартулар ҚР Президенті бюрократиядан арылту  жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды, оның негізгі мәні цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжиниринг болып табылады.

Аталмыш қызмет ҚР Әділет министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында қолжетімді болды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: