Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Дастан Сәтпаевтың суреттері жарияланған УЕФА Чемпиондар лигасының жазбасы қазақстандық жанкүйерлердің арқасында рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
УЕФА Чемпиондар лигасының Instagram-дағы ресми парақшасында «Қайрат» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаевтың суреттері жарияланды. Жазбада «Сәтпаев» деп көрсетіліп, Қазақстанның туы бейнеленген.
Қазірдің өзінде қазақстандықтар жазбаның астына шамамен 23 мыңнан астам пікір қалдырған. Салыстырмалы түрде айтсақ, аккаунттағы әлемдік футбол жұлдыздарының суреттері де ары кетсе 6 мың ғана пікір жинайтын.
«Олар парақшасының қаралымын қалай көтеруді біледі, қазақтар пікір жазып тастайтынын біледі»,
«Криштиану мен Месси жайлы жазбалар да мұндай лайк пен пікір жинаған жоқ»,
«Дастан, біз сенімен мақтанамыз», «Дастан, жарайсың, бұл тек бастамасы», - деп жазған көпшілік.
Сонымен қатар, жанкүйерлер Қазақстан туының эмодзилерін мыңдап қалдырған. Ал жазбаның өзі 174 мың лайк жинап үлгерді.
Айта кетейік, бұдан бір күн бұрын Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда Португалияның «Спортингінен» ірі есеппен жеңіліп қалған еді.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай