23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБиыл әлемге әйгілі Burning Man фестиваліне 40 киіз үй апару жоспарланып отыр. Бұл туралы қазақстандықтар лагері — Tengri camp негізін қалаушы Асхат Мұратов мәлімдеді.
Фестивальге шамамен 150 қазақстандық қатысады деп жоспарлап отырмыз. Жалпы, бұл шараға жеке қатысу өте қиын. Өйткені фестиваль Невада штатындағы шөлді аймақта өтеді, оған жетудің өзі оңай емес. Бару үшін жол, көлік, тіркелу, лагерь құру, тамақ мәселесін алдын ала ұйымдастыру қажет. Сондықтан мұндай сапарды пікірлес, ниеттес адамдармен бірге барған әлдеқайда ыңғайлы, - деді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылы апарылған киіз үйлер шөл жағдайында өзін жақсы көрсеткен. Олар құмды дауыл мен күшті желге төтеп берген.
Burning Man фестиваліне жыл сайын ондаған мың креативті әрі шығармашыл адам жиналады. Қатысушылар уақытша арт-инсталляциялар жасап, ерекше нысандар тұрғызады. Фестиваль соңында ең ірі композиция дәстүрлі түрде өртеледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады