Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАвтокөлікті несиеге алу – жеке көлік сатып алудың ең танымал әдістерінің бірі болып қала беруде. Дегенмен, автонесие беру шарттары әр банкте айтарлықтай ерекшеленеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ranking.kz сарапшылары қазіргі уақытта Қазақстан банктерінің қандай ұсыныстар жасайтынын зерттеп шықты.
Қазақстанда жұмыс істейтін 21 екінші деңгейлі банктің (ЕДБ) 10-ы автонесие берумен айналысады. Ал халық арасында ең танымал саналатын 10 ірі несие беруші банктің жетеуі автонесие бағдарламаларын ұсынады.
Автонесие рәсімдеу кезінде ең маңызды факторлардың бірі – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ). Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) бекіткен талаптарға сәйкес, автонесиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 35%-дан аспауы тиіс. Ranking.kz сарапшыларының зерттеуі барысында банктер дәл осы максималды ЖТСМ көрсеткіші бойынша салыстырылды, себебі минималды мөлшерлеме белгілі бір шарттарды орындағанда ғана беріледі, ал тұтынушылар үшін несие алудағы шекті мөлшерлеме маңыздырақ.
Қазақстандықтар үшін автокөлік сатып алу немесе жаңарту мәселесі аса өзекті. 2025 жылдың ақпан айының басында Қазақстанда 5,1 миллион жеңіл көлік тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға көп. Сонымен қатар, еліміздегі жеңіл автокөліктердің үштен екісінің пайдалану мерзімі 10 жылдан асып кеткен. Оның ішінде:
Автонесие беру бағдарламалары еліміздегі автопаркті жаңартуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде:
Осылайша, автонесие – тек көлік сатып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар елдегі көлік инфрақұрылымын жақсартуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қаржылық құрал болып табылады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар