23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл - экологиялық мәселелер бойынша жедел өтініштер мен шағымдарға арналған платформа.
Экобот іске қосылғаннан бері түскен 18 мыңнан астам өтінімнің 17 мыңы сәтті орындалды.
@TazaQazBot-тың белсенді пайдаланушылары - Алматы, Шымкент және Астана қалаларының тұрғындары. Статистикаға сәйкес, өтініштердің басым бөлігі аумақтарды жинау, тұрмыстық қоқыстарды шығару, көшелерді абаттандыру тақырыптары төңірегінде.
Бұл платформа жолдарды жөндеу, су айдындарын тазарту және кіреберістердің санитарлық жағдайын жақсарту сынды өтінімдердің 21 санатын қамтиды.
Айта кету керек, өтінімдер сапасыз орындалған жағдайда аталмыш жүйеде шағым беруге болады. 2025 жылдың басынан бері 200-ден астам шағым тіркелді.
Еліміздің барлық тұрғындарын күнделікті өмірде кездесетін тазаланбаған қоқыстардан бастап, жарық қосылмаған аулалар, бітелген арықтарға дейінгі экологиялық проблемаларды шешу мақсатында @TazaQazBot-ты белсенді түрде пайдалануға шақырамыз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік