Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыҚазақстандықтар мерзімді әскери қызметке шақыру жасын көтеруді ұсынды. Тиісті петиция ePetition.kz ресми порталында пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Петиция авторлары әскерге шақыру жасын 18 жастан 20 жасқа дейін көтеруді ұсынады.
18 жастағы жастар Отан қорғауға жеткілікті дайын болмайды. Ал 20 жастан асқаннан кейін олар психологиялық әрі физикалық жағынан дайын. Сонымен қатар жастағы біраз жастың білім алып жатыр. Бұл жаста әскерге шақыру олардың білім алу үдерісін үзіп, болашақ мансаптарына және кәсіби өсуіне теріс әсер етуі мүмкін, - дейді петиция авторлары.
Петицияға қол қойғандар әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру әскери қызметтің жақсаруына, жастардың мүддесін қорғауға және еліміздің қорғаныс жүйесіне оң өзгерістер әкелетініне сенімді.
Швеция, Германия, Швейцария және Австрия елдерінде де шақыру жасы 19-20 жастан басталады. Мұндай жастағы шақырылушылар физикалық және моральдық жағынан жақсырақ дайын. Бұл армияның жауынгерлік дайындығы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Бұл жастардың өмір сүру сапасын жақсартып, елдің қауіпсіздігін арттыру үшін шақыру жасын реформалаудың керегін көрсетеді, - дейді петиция авторлары.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды