6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан азаматтары Арменияға енді тек жеке куәліктің негізінде бара алады. Тиісті заңды Сенат депутаттары мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құжатқа сәйкес, елге кірген шетелдіктер ішкі істер органдарында 30 күн өткен соң тіркелуі тиіс. Бұған дейін бұл мерзім 90 күн болатын. Жаңа норма көші-қон бақылауының тиімділігін арттыруға бағытталған.
30 күн елде болдыңыз, одан кейін полицияға барып тіркелуіңіз керек. Қай уақыттан бері жүргеніңізді көрсетесіз. Басқа шектеулер жоқ, – деп түсіндірді ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха Сенат кулуарында.
Сонымен қатар елге кіру үшін қажетті құжаттар айқындалды:
Армения азаматтары үшін – жеке басын куәландыратын карта (Қазақстандағы жеке куәлікке ұқсас);
Қазақстан азаматтары үшін – жеке куәлік (қазір паспорт, соның ішінде қызметтік және дипломатиялық, теңізші куәлігі мен елге қайтуға арналған куәлік талап етіледі).
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі