Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҮкімет баспасөз мәслихатында тілшілер цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиевтен +997 кодына қазақстандықтар неге ауыспағанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ өкілі: «Бұған дейін еліміз +997 кодынан бас тартқаны, +7-де қала беретіні туралы ақпарат тарады. Бұған не себеп болды?», - деп сұрады.
Аталған сауал бойынша Мәдиев +7 кодын қолданатын адамдарға бұл ыңғайлы екенін айтты.
Адамдарға телефон бағдарламасын және телефондағы нөмірлерін ауыстырмас үшін +7 қолайлы. Сондықтан +7 кодында қалу тиімді, – деді Мәдиев.
Тілшілер +997 кодына ауыстыру жөнінде біраз жұмыс жасалғанын және қанша қаржының желге ұшқанын сұрады.
Қанша қаражат кеткенін мен қазір айта алмаймын. Бірақ сараптама бойынша +7 кодында қалу дұрыс деп ойлаймыз, – деп цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі жауапты қысқа қайырды.
Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда телефон кодын +7-ден +997-ге өзгерту туралы айтқан болатын.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары