Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандықтар 8 наурыз қарсаңында гүл сатуға тыйым салу туралы бастама көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Liter.kz ақпаратынша, 8 наурыз мерекесінен кейін OLX секілді жарнама платформаларында сыйға тартылған гүлдерді төмен бағамен сату туралы ондаған хабарландыру пайда болды. Қазақстандық белсенділер бұл үрдіске қарсы бірқатар шараларды енгізуді ұсынды. Олардың бірі – мереке қарсаңында және 8 наурыз күні гүл сатуға тыйым салу немесе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті бап енгізіп, сыйға берілген гүлдерді сатқаны үшін айыппұл салу.
Facebook қолданушыларының бірі бұл мәселені тамырымен жоюды ұсынып:
Қазақстандағы барлық гүлдерді Қызыл кітапқа енгізіп, сатуға және кесіп алуға тыйым салу керек. Оның орнына сыйлыққа беру дәстүрін қазіргі заман талабына сай, менталитетімізге жақын форматқа өзгерту қажет, – деп жазды.
Бұл ұсыныс желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Кейбіреулер гүлдер мен басқа да сыйлықтардың шынайы құндылығын жоғалтқанын айтып, бастаманы қолдайтынын білдірді:
Бұл бастама экологияны қорғау, сыйлықтың құндылығын арттыру және қазіргі заманға сай жаңа мәдени дәстүр қалыптастыру мақсаттарын көздейді. Бірақ мұндай өзгерістер қоғам тарапынан кеңінен қолдау тапқан жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?