Қазақстандық жүзуші әлем чемпионатында медаль еншіледі

17 Шілде 2023, 16:22 1043

Эдуард Ким әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Эдуард Ким көркем жүзу бәсекесінің техникалық бағдарламасында қола медаль иеленді. Отандасымыз 216.0000 ұпай жинап, топ жарған испаниялық Диас дель Рио Сол Фернандо (224.5550) мен күміс жүлдегер америкалық Годе Кеннетке есе жіберді.

Оқи отырыңыз:

Ерлер арасындағы артистік жүзу биыл алғаш рет əлем чемпионатына қосылды. Жапониядағы айтулы бəсекенің финалында 10 спортшы алғашқы жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Бұл спорт түрінен атлеттер енді 22 шілдеде еркін бағдарламада бақ сынайды. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы суда жүзу, су добы (ерлер, әйелдер) және ашық суда жүзу жарыстарында өнер көрсетеді. Дода 30 шілдеде аяқталады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: