Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2026 жылғы 25 шілдеден бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісім күшіне енді. Бұл жаңалық екі ел азаматтары үшін жүргізуші куәлігін пайдалану мен ауыстыру рәсімін едәуір жеңілдетеді.
Келісім Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың БАӘ-ге жұмыс сапары барысында жасалған болатын. ІІМ мәліметінше, құжат екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтіп, азаматтарға әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған.
Жаңа тәртіпке сәйкес, Біріккен Араб Әмірліктерінде уақытша жүрген Қазақстан азаматтары жергілікті заңнама талаптарын сақтай отырып, қазақстандық жүргізуші куәлігімен көлік жүргізе алады.
Ал Қазақстан азаматтары БАӘ-ге тұрақты тұруға көшкен жағдайда, өздерінің ұлттық жүргізуші куәлігін «B» санаты (жеңіл автомобильдер) және «B1» кіші санаты (үш дөңгелекті көліктер мен квадроциклдер) бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсырмай-ақ жергілікті куәлікке айырбастай алады. Осындай жеңілдетілген мүмкіндік Қазақстанға тұрақты тұруға келетін БАӘ азаматтарына да беріледі.
Жүргізуші куәлігін айырбастау үшін келесі құжаттар қажет:
Айырбастау рәсімі кезінде ұлттық жүргізуші куәлігі тәркіленбейді. Рәсім аяқталғаннан кейін екі елдің уәкілетті органдары тек жүргізілген айырбастау туралы өзара ақпарат алмасады.
Айта кету керек, жеңілдетілген тәртіп тек «B» және «B1» санаттарына ғана қолданылады. Басқа санаттағы жүргізуші куәліктерін айырбастау қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі шетелде жүрген азаматтарды қабылдаушы елдің заңдарын, қоғамдық тәртіп талаптарын және жергілікті мәдениет пен дәстүрлерді құрметтеуге шақырды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары