13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызТүркияның Белек қаласында жаңа жарыс маусымына арналған дайындық басталды. Ол жерде Қазақстанның көшбасшы жеңіл атлеттері оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға жүгіру, секіру және лақтыру бағдарламасы бойынша 23 спортшы қатысуда. Атап айтқанда, Белекте 200 метрге жүгіруден 2024 жылғы Азиядағы үздік нәтиже иегері Ольга Сафронова және 2022 жылғы жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая жаттығуда,
Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларына келсек, Түркияда өтіп жатқан жиынға ірі азиялық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, ядро лақтырушы Иван Иванов пен 2023 жылы жабық кешенде өткен Азия чемпионы, кедергілер арқылы жүгіруден Давид Ефремов қатысып жатыр.
Маусымға дайындықты ұлттық құраманың жас толқыны да бастап кетті. Жақында ғана ел біріншілігінде ұзындыққа және үш қарғып секіруден жеңіске жеткен Зелимхан Насыров пен спринтерлік қашықтықта өнер көрсететін Маргарита Назаренко.
Қазақстандық жеңіл атлеттер бұл оқу-жаттығу жиынында 1 мамырға дейін болады. Айта кетейік, Түркиядағы жиын Кореяның Гуми қаласында 27-31 мамыр аралығында өтетін Азия чемпионатына дайындықтың бір кезеңі болып саналады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды