13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан құрамасы шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ІА дивизионында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы қарсылас Украина құрамасы болды. Бұл команда Даниядан басқа барлық қарсыластарын жеңген еді. Ал Дания барлық бес ойында жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді.
Біздің құрама үшін соңғы ойында алғашқы шайбаны Украина құрамасы соқты. Әлішер Сәркенов есепті екінші кезеңде толық құрамда ойнап жүріп теңестіре алды.
Алайда кейін Украина хоккейшілері тағы екі шайбаны қақпаға тоғытты. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға үш минут қалғанда Алихан Бақыт есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен үшінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер есепті теңестіре алмады. Украина құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы қола медальді, Украина күміс медальді жеңіп алды. Ал Дания құрамасы топ-дивизионға жолдама алды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды