30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Жас сарбаз» шығармашылық студиясының 12 жастағы әншісі Жасмина Түзелова Ресейдің «Голос. Дети» жобасының 12-маусымында финалға өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Белгілі болғандай, Жасмина байқаудағы өнерін көрмей тыңдау кезеңінен бастаған. Алғашқы әнін орындаған сәтте-ақ үш бірдей жетекшінің назарын аударған.
Қазақстанды үлкен сахнада таныстыру – мен үшін зор мәртебе. Әр әнімді жүрегіммен орындаймын, адамдар менің Отанға деген махаббатымды сезінсе екен деймін, – деді жас әнші.
12 жастағы алматылық өнерпаз Ауған соғысының ардагері Мұратбек Өтеевтің отбасында дүниеге келген. Вокалмен бес жасынан бері айналысады.
Жасына қарамастан, Жасминаның бірқатар байқауда бақ сынап үлгерген.
8 жасында ұлттық «Бала дауысы» байқауының Гран-при жүлдесін иеленді.
2023 жылы халықаралық «Детская Новая волна» фестивалінің финалында өнер көрсетті.
2025 жылы ҚР Орталық әскери оркестрі және Орталық ансамбльмен бірге Мәскеудегі «Спасская башня» XVII Халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысып, Қызыл алаңда аңызға айналған «Әлия» әнін орындады.
Айта кетейік, «Голос. Дети» шоуының 12-маусымы 2025 жылғы 5 қыркүйекте басталды. Жобадағы қазылар алқасы – Дима Билан, Владимир Пресняков, Аида Гарифуллина және Наталья Подольская. Жүргізушісі – Яна Чурикова.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды