Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада өткен бокс кешінде жартылай орта салмақтағы (69,9 келі) жерлесіміз чехиялық Йиржи Хаукемен (4-6, 2 КО) кездесті. Алты раундқа есептелген жекпе-жек үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Мұның алдында ол қарсыласын нокдаунға да жіберген.
Айқас барысында Төрехан тамаша техника көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Осылайша, Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ал Йиржи Хауке мансабындағы жетінші жеңілісіне ұшырады.
Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) кездеседі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары