Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПонтеведреде (Испания) өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Оңдасын Хамитов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін өткен белдесуде Оңдасын жапониядық Кохау Каназаваны 9:0 есебімен ұтты.
Чемпионат аясында қазақстандық балуан Қырғызстан, Мексика және Венгрия балуандарын жеңіп, жартылай финалда түркиялық қарсыласынан 8:9 есебімен ғана жол берген болатын.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Айбек Айтбеков (55 келі) пен Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль еншілеген болатын.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар