6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерВолейболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Кристина Карапетянды (Устинова) жігіті ұрып соққан. Ол әлеуметтік желіде көптен көмек сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қазір өміріне қауіп төніп тұрғандықтан полицияға арыз жазбақ.
Қазір менің өміріме қауіп төніп тұр. Жексенбі кешке мені жігітім – кипрлік George Tsangaris соққыға жықты. Ол 1993 жылы 25 мамырда туған. Мен шұғыл Қазақстанға билет алып, құрбымның үйінде тұрып жатырмын. Одан қауіп төнетіндіктен, түк болмағандай сөйлесіп жүрмін. Ата-анасы да, өзі де полицияға арыз жазбауымды жалынып сұрауда. Мен одан келтірген материалдық және моральдық шығындарын өтеуін талап еттім. Ол болса «өміріңді құртамын, сен әлі өкінесің» деп мені қорқытты. Қазір полицияға бара жатырмын. Ол маған ойына келгенін істеуі мүмкін, дені сау емес. Өз өмірім үшін қорқып отырмын. Ертең Қазақстанға ұшамын, - деп жазды Кристина өзінің Instagram-парақшасында.
Кристина Карапетян Қазақстан 2020 жылға дейін ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сосын спорттағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі