Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареламен жұптасып ойнаған қазақстандық Александр Недовесов «Ролан Гарростың» төртінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Үшінші айналымда олар турнирдің бірінші ракеткасы болған Уэсли Колхоф (Нидерланд) пен Нил Скупскиден (Ұлыбритания) 5:7, 4:6 есебімен ұтылды.
Дегенмен мұның өзі Недовесво үшін жетістік деуге болады, себебі бұған дейін ол Үлкен дулығаның үшінші раундына шықпаған.
Анна Данилинаның да Париждегі жорығы аяқталды. Аламанның екінші айналамында Данилина венгриялық Тимея Бабошпен бір жұпта Латиша Чан/Хао-Чин Чаннан құралған тайваньдық дуэттен ұтылды. Матч 6:7, 3:6 есебімен аяқталды.
Бұған дейін теннистен әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Франция ашық чемпионатын аяқтауға мәжбүр болғанын жазған едік. Қазақстан теннис федерациясының жазуынша, отандасымыз үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормоға қарсы ойнауға тиіс болған. Алайда ол денсаулығына байланысты жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек