Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМельбурн қаласында теннистен Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, еліміздің бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда осы «Үлкен дулыға» турниріне арнайы шақырту алған 16 жастағы аустралиялық, рейтингіде 371-орында тұрған Эмерсон Джонспен сынға түседі. Бұл олардың өзара бірінші кездесуі болмақ.
Әлемнің 25-ракеткасы Юлия Путинцеваға рейтингіде 44-сатыдағы армениялық Элина Аванесян қарсылас атанды.
Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды. Бұл екеуінің бұрын бір-бірімен жолдары түйіспеген.
Рейтингіде 72-орындағы Александр Шевченко әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасқа тап болды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары