Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордада Ұлттық теннис орталығында 27 ақпан – 12 наурыз аралығында өтетін ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің іріктеу сайысында бес қазақстандық теннисші өнер көрсетуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елімізде әйелдер арасында өтетін алғашқы ірі жарыстың іріктеу кезеңі басталды. Жарысты ұйымдастырушылар іріктеу сатысына қазақстандық жас теннисшілерді де арнайы шақырды.
Дана Байдәулет бастапқы кездесуін, іріктеу кезеңін ресейлік Анастасия Гасановамен өткізді.
Анастасия Гасанова 6:0 және 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Жуырда ғана ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанған 14 жасар Ариана Гогулина Беларусь өкілі Юлия Готовкомен ойнады.
Алайда жерлесіміз Ариана Гогулина қарсыласы Юлия Готовкодан 6:2, 6:3 есебімен жеңіліп қалды.
Келесі кезекте Альбина Кәкенова ресейлік Ксения Ласкутовамен сайысқа түсуде.
Одан кейін Мария Синицына мен Жанель Рүстемова ресейлік Татьяна Прозорова мен Екатерина Яшинаға қарсы ойнайтын болады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар