Қазақстандық теннисшілер Азия рейтингінде көш бастады

18 Қараша 2022, 17:19 865

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті

Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 жасқа дейінгі қыздар рейтингінде бірінші орынды астаналық Альбина Какенова иеленді. Спортшының активінде 3922 ұпай бар. Азия рейтингінің ең мықты ондығына Ева Корышева (Ақтөбе) мен Ариана Гогулина (Астана) кірді.

16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бірінші орынға алматылық Сафина Сафиуллина көтерілді, жас теннисші 720 рейтингтік ұпай жинаған. Сондай-ақ аталған рейтингтің ондығына Полина Слепцова, Айя Нупбай, Кәрім Темірлан және Тихон Сорокин кірді.

EL.KZ
Бөлісу: