29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық теннисші, әлемнің 190-ракеткасы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық Билли Харриспен негізгі доданың жолдамасын сарапқа салды.
Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басым болған.
Есесіне екіншісінде Скатов азулы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.
Үшінші, шешуші сетте Тимофей матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.
Осылайша, Скатов US Open турнирінің негізгі айналымында бақ сынайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек