6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық теннисші, әлемнің 245-ракеткасы Дмитрий Попко Морелия (Мексика) Челленджер 125 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жерлесіміз финалда әлемнің 95-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеймс Даквортпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда Дакворт басымдық танытты — 6:1. Бұдан кейін Попко камбэк жасап, таразы басын аудара білді — 6:2, 6:4. Бір сағат 47 минутқа созылған финалдық матчта Дмитрий 8 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды.
Осылайша, 28 жастағы қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші челленджер додасының жеңімпазы атанды. Ол 28,4 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, 125 рейтингілік ұпайға ие болды.
Попко ATP жаңартылған рейтингісінде 175-орынға көтерілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі