6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы беделді турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлемдік рейтингте 45-орында тұрған Бублик жартылай финалдық кездесуде Ресей өкілі, әлемнің 22-ракеткасы Карен Хачановты жеңіп шықты.
Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сетте 4:6 есебімен ұтылған Бублик ойынның екінші бөлігінде жинақылық танытып, тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6. Шешуші үшінші сетте 6:4 есебімен басым түсті. Осылайша, ол матч барысын түбегейлі өзгертіп, финалға жол ашты.
ATP 500 турнирі 16–22 маусым аралығында өтіп жатыр, жүлде қоры – 2 522 220 еуро. Естеріңізге сала кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы Янник Синнер биыл жарысты екінші айналымда аяқтаған еді.
Александр Бубликтің финалдағы қарсыласы жақын арада белгілі болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі