30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыWTA нұсқасы бойынша «Жылдың жұбы» сыйлығының номинанттары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, WTA нұсқасы бойынша «Жылдың жұбы» атты беделді марапатқа Қазақстанның жұптық разрядтағы бірінші ракеткасы Анна Данилина мен ресейлік теннисші Ирина Хромачёва үміткер атанды.
Сондай-ақ номинанттар тізіміне келесі жұптар кірді:
Габриэла Дабровски және Эрин Рутлиф (Канада, Жаңа Зеландия)
Катержина Синякова және Тэйлор Таунсенд (Чехия, АҚШ)
Сара Эррани және Жасмин Паолини (Италия)
Людмила Киченок және Елена Остапенко (Украина, Латвия)
Се Су-Вей және Элизе Мертенс (Тайвань, Бельгия).
Жеңімпаздарды теннис журналистерінің дауыс беру нәтижелері бойынша анықтайды.
Айта кетейік, Анна Данилина мен Ирина Хромачёва 2024 жылы WTA аясында жеті титулды, соның ішінде Қытайдың Ухань қаласындағы «мыңдық» турнирді жеңіп алды. Қазақстандық спортшы жұптық разрядтағы маусымды әлемдік рейтингтің 22-орнында аяқтады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды