6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда Қазақстан азаматшасын шетелге заңсыз әкету фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, операция Алматы қаласы прокуратурасының, ҰҚК департаментінің үйлестіруімен, сондай-ақ Интерпол мен Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы елшілігінің жәрдемдесуімен жүргізілген.
Қазақстан Республикасының азаматшасын шетелге еңбекке пайдалану үшін заңсыз тарту және әкету әрекетінің жолы кесілді, - делінген ресми хабарламада.
Тексеру барысында зардап шеккен әйелдің ұзақ уақыт бойы «Ханифа» есімді шетелдік азаматпен байланыста болғаны анықталған. Ол әйелге бірнеше рет Таяу Шығыс елдерінің біріне жұмысқа орналасуды ұсынып, тиімді жағдайлар уәде еткен.
Жақындарын хабардар етпестен, әйел өз бетінше шетелге ұшып кеткен. Алайда ол Оман Сұлтандығындағы халықаралық әуежайға келгеннен кейін жедел шаралардың нәтижесінде ұсталып, сол күні Қазақстанға қайтарылды.
Прокуратура азаматтарға шетелден жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар түскен жағдайда аса сақ болуды ескертеді.
Алаяқтар мен адам саудагерлерінің құрбаны болмас үшін әрбір азамат қырағылық танытып, ұсынылған ақпараттың дұрыстығын тексерулері қажет, - делінген хабарламада.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі