6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерUFC президенті Дана Уайт жеңілмеген қазақстандық ММА шебері Дияр Нұрғожайдың әлемдегі ең мықты промоушенге қосылғанын ресми хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Dana White’s Contender Series турнирінің қорытындысы бойынша Уайт пен жүргізуші Лаура Санко UFC ростерін толықтырған спортшылардың аттарын атады. Дияр Нұрғожай бұл аламанда қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберген болатын. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз поляк Бартош Шевчукті «хайкик» соққысымен теуіп құлатты.
Бастан керемет соққы. Рекорд 10-0, 27 жаста, алты нокаут, екі сабмишен. Жартылай ауыр салмақ дивизионы мықты спортшымен толықты. Мұнда кел, — деді Дана Уайт.
Дияр Нұрғожай, UFC-ге қош келдің! — деп қосты Лаура Санко.
Айта кетейік, қазіргі таңда UFC-де елімізден бес спортшы бар. Нұрғожайдан бөлек, Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсұм мен Николай Веретенников төбелесіп жүр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі