6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер26 жастағы қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа отырып, әлемнің үздік лигасында аса жеңіл салмақта өнер көрсететін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жуық арада қарсыласы мен жекпе-жек уақыты анықталады.
Бекзат OCTAGON-дағы барлық айқасын мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Алмаханның еншісінде тоғыз жеңіс бар, ММА-дегі рекорды – 17-1.
Біз соңғы тоғыз айда OCTAGON-дағы екінші спортшымыздың UFC-мен келісімге келгенін мақтан тұтамыз. Бұл OCTAGON-ның Орталық Азия өкілдері үшін нағыз арман орындалатын алаңға айналғанын дәлелдейді, - делінген жобаның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бекзат та Азат Мақсұм секілді отандық танымал маман Дәнеш Дүнгебаевтың қарамағында жаттығады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі